Жаңалықтар

Молдова парламенті ТМД-дан шығуды мақұлдады

Молдова парламенті ТМД-ны құру туралы келісім мен Достастық жарғысын жою туралы заң жобаларын қабылдады.

Бейсенбі күні бұл шешімді 101 депутаттың 60-сы қолдады деп жазды “Интерфакс”. Құжатты негізінен басқарушы “Қимыл мен ынтымақтастық”, бұрынғы премьер-министр Ион Кикудың партиясы өкілдері қолдаған.

Коммунистер мен социалистер партиясы келісімнің күшін жоюға қарсы болды. Олар “Молдова ТМД-дан шықса, ел экономикасы үшін салдары жаман болады” деп мәлімдеді.

Келісімнің күшін жою туралы бастама көтерген сыртқы істер министрлігінің айтуынша, ТМД-ның құндылықтары мен принциптерін қазіргі кезде Достастық елдерінің кейбірі сақтамайды.

“Бұған қоса, ТМД келісімін жою – Еуроодаққа қосылу жолындағы табиғи әрі ажырамас қадам” деп жазылған ведомствоның түсіндірме хабарламасында.

Back to top button