TOP-2Жаңалықтар
Құлыбаевтың бақылауындағы компанияның бір бөлігі аукционда сатылып кетті
Осыған байланысты биыл аукцион былтырғыдан төмен бағамен өтті. Ақыры актив 35,9 млн теңгеге сатылды.

Компания 14 жылдан бері жұмыс істейді және геологиялық барлау мен іздестірумен айналысады. Ол Алматы қаласында орналасқан. Kompra.kz сервисінің мәліметінше, компанияның алғашқы басшысы – Руслан Хасанов.
Сондай-ақ сервис дерегінде компанияның екі аффилирленген тұлғасы көрсетілген:
- бақылаушы акциялар пакеті, Kompra.kz мәліметі бойынша, Kazakhstan’s Mineral Resource Investment Company ЖШС-іне тиесілі – бұл Қазақстан резиденті болып табылатын заңды тұлға, компанияның 80 пайызын иеленеді. Ол Joint Resources холдингінің еншілес ұйымы, ал аталған холдингтің иесі – Тимур Құлыбаев;
- акциялардың қалған бөлігі – 20 пайызы – жеке тұлға Жанар Сейдвалиева (Жанар Мұхатовна) иелігінде.