Қазақстандықтар зейнетке еңбек өтіліне қарай шыға ма
Елде зейнет жасын еңбек өтіліне байланысты есептеу туралы бастама көтеріліп жатыр. Ұсынысты Сенат депутаты Амангелды Нұғманов айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
ДЕПУТАТ НЕ АЙТТЫ
Оның айтуынша, үкімет қазіргі жасқа негізделген жүйеден біртіндеп бас тартып, нақты еңбек өтіліне сүйенетін жүйеге көшу керек.
Жобаның мәні – адам қажетті еңбек өтіліне жеткеннен кейін, өз еркімен қашан зейнеткерлікке шығатынын таңдай алады.
«Бірақ бұл шешім үшін азамат өзіне экономикалық жауапкершілікті де алуға тиіс», – деді депутат.
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ
Қазір Қазақстанда осындай тәсіл кейбір санаттағы адамдарға қолданылады. Яғни, әскери қызметкерлер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері еңбек өтіліне байланысты зейнетақы алады. Енді ұқсас принципті басқа санаттағы азаматтар үшін де қарастыру ұсынылды.
Сенатор пікірінше, осындай тәсіл бюджетті және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аз жүктеме салады. Сондай-ақ жұмыссыздықты қысқартуға және адамдардың еңбекке көзқарасын өзгертуге мүмкіндік береді.