Алматыда үш кісінің өлімімен аяқталған жол апатынан кейін оқиғаға полициядағы жауапты басшылардың қатысы бар-мыс деген де ақпараттар тараған. Бұл қаншалықты рас екенін бүгін Tizgin.kz ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтен сұрады.
«Министрдің нұсқауы бойынша ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр. Бірталай қылмыстық іс қозғалды. БАҚ-қа оны айттық. Қазір нәтижесі қалай дайын болады – сол кезде жариялаймыз», – деді ол.
Әленовтің сөзінше, жол-көлік оқиғасы бойынша бір ғана адам күдікті ретінде танылған. Ол – қайғылы оқиға орын алған түні жол апатына себеп болған жүргізуші. Қазір ол ауруханада жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram