АҚШ ғарышкерлері 50 жылдан кейін қайтадан Айға ұшты
«Артемида-2» ай миссиясы аясында «Орион» ғарыш кемесі 1 сәуір күні АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен сағат 18:35-те ұшырылды. Экипаж 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге қайта оралады, деп жазады DW.
«Орион» ғарыш кемесінің бортында төрт астронавты бар «Артемида-2» (Artemis II) пилотталатын ай миссиясы сәрсенбі, 1 сәуір күні АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 18:35-те (Орталық Еуропа уақытымен 2 сәуірде 00:35-те) Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан Кеннеди атындағы ғарыш орталығының 39А ұшыру алаңынан сәтті ұшырылды.
Сол күні бұған дейін АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) хабарлағандай, әлемдегі ең ірі Space Launch System (SLS) зымыран-тасығышы 5 сағат ішінде 2,65 миллион литрден астам криогендік отынмен толтырылған, ал жанармай құйылғаннан кейін оның массасы шамамен 2,6 мың тоннаны құраған.

«Орион» экипажының құрамына Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер енген. Виктор Гловер – ай миссиясына қатысқан алғашқы афроамерикалық, ал Кристина Кох – мұндай миссияға қатысқан алғашқы әйел-астронавт. Экипаж 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге қайта оралады.