Жаңалықтар

Қазақстанда мүгедектікті рәсімдеу уақыты қысқарады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев Қазақстанда мүгедектікті белгілеу кезінде қызмет көрсету мерзімін қысқарту үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жазықпаевтың айтуынша, бұл бағытта медициналық деректер негізінде сарапшыларға ұсынымдар қалыптастыратын жасанды интеллект моделі іске қосылған. Медициналық деректер мен құжаттар негізінде сарапшыларға ұсынымдар беретін жүйе енгізілген. Бұл ретте түпкілікті шешімді маман қабылдайды. Жүйе іске қосылған сәттен бастап 24 мыңнан астам өтінім өңделген.

“Ақмола облысында пилоттық жоба аясында 1,6 мыңға жуық өтінім берілді. Оның ішінде 1,1 мыңнан астам азамат куәландыру рәсімінен өтуге жазылды. Бұл күту уақытын қысқартып, қызмет алу үдерісін жеңілдетті, – деді Бахтияр Жазықпаев.

Вице-министрдің сөзінше, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Электрондық кезекті кеңейту, жасанды интеллект модельдерін дамыту және оларды денсаулық сақтау жүйелерімен біріктіру жоспарланып отыр.

Back to top button