Жаңалықтар
Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің бауыры ұсталды
Қырғызстанда бұрынғы парламент депутаты Шайырбек Ташиев ұсталды, деп хабарлайды Қырғыз ІІМ.
«Қырғыз министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік салық қызметінің материалдары мен аудиторлық тексеру негізінде «Қырғызнефтегаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Шаирбек Ташиев ұсталды», – делінген хабарламада.
Нақтыланғандай, ұсталған азамат бұған дейін Қырғызстан парламентінің депутаты қызметін атқарған.
Оның Бішкек қалалық ІІББ уақытша ұстау изоляторына қамалғаны атап өтіледі.
Тергеу «Қырғызнефтегаз» ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланды.