Нұрай Серікбайдың ісіндегі күдіктінің ауытқуы бар ма – ІІМ жауабы
Шымкентте кісі қолынан мерт болған Нұрай Серікбайдың ісі бойынша күдіктінің психикалық жағдайына қатысты сауалға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай күдікті өзін психикалық ауытқуы бар адам ретінде көрсетіп, жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатыр деп мәлімдеген. Осы жайтқа байланысты Тізгін.kz тілшісі Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовке сұрақ қойды.
«Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті бір ай бойы психиатриялық бөлімшеде болады, одан кейін іс сотқа жолданады. Сараптама нәтижесі шыққан соң қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деп жауап берді Бауыржан Әленов.
Бұған дейін Шымкент қалалық полициясы Нұрай Серікбайды өлтірді деп ұсталған күдіктіден психикалық ауытқуы бары анықталғанын хабарлаған болатын.