Білім

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өседі

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын жыл сайын көтеру қайта қаралады. Бұл мәселе үкімет деңгейінде пысықталады, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Ресми ақпаратпен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бөлісті. Сөзінше, соңғы бес жыл ішінде шәкіртақы кезең-кезеңімен көтерілген.

«Жыл сайын 20–25% мөлшерінде өсім болды. 2025 жылы бұл бағдарлама аяқталды, ал осы уақыт аралығындағы жалпы өсім 100%-ды құрады», – деді ведомвсто басшысы үкімет брифингінде.

Енді министрлік үкіметпен бірге стипендияларды арттырудың жаңа кезеңін талқылауды жоспарлап отыр. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

ШӘКІРТАҚЫ ҚАНША

  • PhD докторанттары: айына шамамен 254 мың теңге;
  • Бакалавриат студенттері (ең төменгі мөлшер): шамамен 55 мың теңге (болашақ педагогтарға берілетін қосымша төлемдерді есептемегенде).

ОҚУ АҚЫСЫ ӨСЕ МЕ

Министр қосылған құн салығы (ҚҚС) өзгергеннен кейін оқу ақысының құнына қатысты да пікір білдірді.

«Мемлекеттік жоғары оқу орындарында күрт қымбаттау күтілмейді. Бағалар реттеледі, ал ықтимал өсім инфляция деңгейімен шектеледі, ол 10%-дан аспайды», – деп сендірді министр.

Back to top button