Тергеу
Санжар Боқаевқа қай баптар бойынша айып тағылып отыр
Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған белсенді Санжар Бокаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
ПРОКУРАТУРА МӘЛІМЕТІ
Ресми ақпаратпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бөлісті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша әрекетті саралау туралы қаулы қабылдаған:
- 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы – аса ірі мөлшердегі алаяқтық (айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген);
- 340-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – адамдар тобы жасаған ағаштарды заңсыз кесу (айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген).
Аталған қаулы прокурормен келісілген.
МӘН-ЖАЙЫ
18 наурызда белсендінің қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ұсталғаны белгілі болды. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.