Білім

Қазақстанда 1-ші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 – сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында әзірленген.

«Биыл құжат қабылдау 27 – мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 – тамызға дейін жүргізіледі. Қазір база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр. Ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», – деді министр.

Back to top button