TOP-2Жаңалықтар

Полиция заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын растады

Алматыда белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлеуметтік желілерде бұған дейін заңгердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті бұл мәліметті растады.

«Алматы қаласының полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Әділетхан Молдахан – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған. Жақында ол Алматыда үш кісінің өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын терең талдап, видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді. Сол үшін қоғамның қолдауына ие болған.

Back to top button