Ақтауда құқық қорғау органы қызметкерінің ұлы төбелес ішінде болған – полиция
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, 25 наурызға қараған түні Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің маңында бес адам бір азаматты аяусыз соққыға жыққан. Олардың арасында құқық қорғау органы қызметкерінің ұлы да болған, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство хабарлауынша, соққыға қатысқан бес адамның барлығы анықталып, ұсталған. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Іске қатысы бар барлық тұлға мәртебесі мен байланыстарына қарамастан заң аясында жауап береді», – делінген ақпаратта.
Полиция оқиғаға қатысушылардың бірі құқық қорғау органы қызметкерінің ұлы екенін растады.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.