Жаңалықтар

СІМ шетелде жүрген азаматтарға қатысты маңызды ақпаратты жариялады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін едәуір қысқартуды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қолданыстағы ережелерге енгізілетін бұл түзетулер халықаралық стандарттар мен цифрландыру талаптарына негізделген. Осылайша бұған дейін айлап күтетін қызмет енді санаулы апта ішінде көрсетілмек.

Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуға бағытталған өзгерістер жобасын дайындады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Сонымен қатар ережелерді қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заңға және Цифрлық кодекске сәйкес келтіру үшін редакциялық түзетулер енгізілуде, – делінген құжатта.

Back to top button