TOP-2Спорт

Қанат Ислам қызметке тағайындалды

Қазақстанның белгілі боксшысы Қанат Ислам Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қанат Ислам отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижелерді жақсартуға үлес қосады», – деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Айта кетейік, Ислам бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe титулдарының иегері. Былтыр желтоқсан айында 27 желтоқсанда рингке шығуы тиіс болған Қанат Ислам жекпе-жектің өтпейтінін жариялаған еді.

Бұған дейін олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясында қызметке тағайындалған. Енді ол федерация президентінің кеңесшісі.

Back to top button