Санжар Боқаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды
19 наурызда тергеу соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасын – екі ай мерзімге қамауда ұстау жөнінде санкция шығарды. Бұл туралы журналист Вадим Борейко адвокат Диас Ахметовке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
«Қорғаушының айтуынша, Санжардың жақын туыстары кепілгер ретінде ұсынылған, алайда нәтиже болмады. Сондай-ақ Ахметов Боқаевтың Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында (СИЗО) ұсталатынын айтты», – дейді ол.
Санжар Боқаевтың ұсталғаны туралы 18 наурызда белгілі болды.
Ол «жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастырды» деген күдікке ілінген. Сондай-ақ оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жолымен қаржы қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Бұған дейін Санжар Боқаев Қазақстаннан АҚШ-қа кетіп қалғанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, қоғамның қайырымсыз жұмысынан қажып шаршаған. “Мұның бәрі қоғамға да, мемлекетке де керек емес екенін түсіндім” дейді ол.
Боқаев АҚШ-та жаңа бизнес бастаған. Қазақстандағы саяси оқиғаларға пікір білдіріп тұруды да ұмытпайтынын атап өткен-тін.
Алайда бірнеше күн бұрын Бас прокуратура оның ұсталғанын хабарлады.