Еңбек дауы: Таразда мыңдаған адамға төленбей келген өтемақы қайтарылды
Жамбыл облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық ветеринариялық станциясының қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН НЕ ДЕЙДІ
Мұның алдында ұл туралы прокуратура мәлім етті.
Қадағалау іс-шараларының нәтижесі бойынша еңбек заңнамасы талаптарының өрескел бұзылуы анықталды, бұл қызметкерлердің заңмен кепілдендірілген өтемақы төлемдерін уақтылы алуға конституциялық құқықтарына нұқсан келтіруге әкеп соқтырған, – деп жазды құзырлы органнан.
Кәсіпорын 1 010 қызметкерге зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін қосымша төлемдерді уақтылы төлемегені анықталды.
МӘН-ЖАЙЫ
Бұл ретте ветеринарлық дәрігерлер аса қауіпті инфекциялар мен жануарлардың ауруларын жұқтыру қаупімен байланысты еңбек қызметін жүзеге асырады. Заңнама талаптарына қайшы, 2025 жылы жасалған ұжымдық шартта ауыр жұмыстармен, сондай-ақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы төлеу жүйесін көздейтін міндетті ережелер көрсетілмеген, — делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде ұжымдық шартты заңнама талаптарына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылданды, сондай-ақ қызметкерлерге тиесілі қосымша төлемдер бойынша берешекті толық өтеу қамтамасыз етілді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылды.
Аталған саладағы заңдылықтың жай-күйі прокуратураның ерекше бақылауында.