ЖаңалықтарОқиға

Шымкентте жасөспірім 5-ші сынып оқушысын сабап кеткен: полиция іс қозғады

Шымкентте мектеп оқушысын ұрып-соғу фактісі түсірілген бейнероликтен кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған видео әлеуметтік желілерде тараған. Бастапқыда сипаттамада ер адамның балаға шабуыл жасағаны айтылған. Алайда кейін жанжал көрші тұратын 10-сынып пен 5-сынып оқушыларының арасында болғаны анықталды.

“Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеру барысында бұл жағдайға дейін кәмелетке толмағандар арасында ауызша жанжал болғаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы көшеде 5-сынып оқушысын кездестіріп, оған күш қолданған”, – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Шабуыл жасаған оқушының ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Back to top button