2026 жылы мамырда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондондағы ICE биржасында бүгін барреліне 112 доллардан жоғары шекте сатылып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Brent маркалы мұнай мұндай бағаға соңғы рет 2025 жылы 9 наурыздан бері алғаш рет жетті.
Мамыр айындағы Brent мұнай фьючерстерінің құны алдыңғы бағаға қарағанда 7,47 пайызға өсіп, барреліне 112,15 долларды құрады.
WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері 3,78 пайызға қымбаттады.
Бұған дейін Иран билігі Израиль мен АҚШ-тың Иран нысандарына жасаған соққыларына жауап ретінде Қатар, Сауд Арабиясы және БАӘ-дегі энергетикалық нысандарға соққы жасайтынын ескерткен.