TOP-2Жаңалықтар

«Бала-шағамды асырауым керек»: Талғардың танымал экс-әкімі таксист болып жүр

Экс-әкім көлікті жалға алып таксист болып жүргенін айтады

Тикток арқылы халыққа танылған Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында таксист болып жүргенін мойындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қазақ “есектің артын жусаң да мал тап” дейді ғой. Қазір үшінші күн болды, күн-түн демей таксист болып жүрмін. Өзімнің көлігім жоқ. Көлікті жалға аламын. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырауым керек. Бұрынғы әкім – қазіргі таксист болып жүрмін. Түнгі үшке дейін жүрдім. Жоспар бойынша күніне 18 500 теңге жасау керек, – дейді экс-әкім.

Айта кетейік, биыл Талғар қаласының әкімі болған Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты биыл 12 ақпанда отставкаға кеткенін хабарлаған еді.

Back to top button