Жаңалықтар

БҚО-да бір ауылдың 13 келіні бірге келіп дауыс берді

Бүгін Тасқала ауданына қарасты Мерей ауылында да референдумға қатысу белсенді өтуде. Ауылдың 13 келіні референдум учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үлес қосты, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Қазақ қоғамында келіннің орны ерекше. Ол – отбасының ұйытқысы, берекенің бастауы, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сондықтан Мерей ауылының келіндерінің бірлесе келіп дауыс беруі олардың тек отбасы тіршілігімен ғана шектелмей, қоғам өміріне де белсенді араласатынын көрсетеді.

Ауыл келіндері бүгінгі таңдау ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Бірге келіп, азаматтық міндеттерін атқарған келіндердің бұл қадамы – ауылдағы ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің айқын көрінісі.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, азаматтардың 70,98 пайызы, яғни, 8 845 280 адам бюллетень дауыс берген.

Back to top button