Жаңалықтар

Трамп Иранмен соғысты бақылаудан шығарып алды – АҚШ сенаторы

АҚШ-тың демократ сенаторы Крис Мерфи Дональд Трамп Иранға қарсы операцияны бастағанда қате есепке сүйеніп, қазір жағдайды бақылаудан шығарып алды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазір Трамптың бұл соғысты бақылаудан шығарғаны анық көрініп тұр. Ол Иранның жауап соққы беру мүмкіндігін дұрыс бағаламаған. Аймақта дүрбелең болып жатыр», – деп жазды сенатор.

Мерфидің айтуынша, Иран мұнай инфрақұрылымына дрондар, катерлер және теңіз миналары арқылы ұзақ уақыт бойы шабуыл жасауға қабілетті. Ал Ормуз бұғазының жабылуы қазірдің өзінде мұнай бағасының өсіріп жіберген.

Егер бұғаз ұзақ уақытқа жабық күйінде қалса, сенатордың пікірінше, бұл жаһандық экономикалық рецессияға апарып соқтыруы ықтимал.

Back to top button