TOP-1Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Республикалық референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

– «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын».

Бюллетеньдер екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде басылады.

Айта кетейік, бірқатар өңірдегі қалаларда референдум күні қоғамдық көлік тегін болады. Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

https://kaz.inform.kz/news/referendum-bastaldi-el-halki-oz-tandauin-zhasaydi-78ccb0/

Back to top button