Жаңалықтар

Қазақстанда тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы жұмысын бастады

13 наурыз күні Алматы қаласында республикалық референдум өткізу кезеңіндегі жұмысты ұйымдастыруға арналған тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабының екінші брифингі өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Брифинг барысында штаб жұмысының белсенді кезеңге өткені жарияланды. Ақпараттық алаң 14 наурыздан бастап жұмыс істейді және референдум өтетін күн бойы, сондай-ақ дауыс беру қорытындылары толық шығарылғанға дейін қызметін жалғастырады.

Штабтың негізгі миндеті – дауыс беру барысы туралы азаматтар мен бұқалалық ақпарат құралдарын жедел ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ болып жатқан үдерістер жөніндет объективі ақпараттық көрініс қалыптастыру. Сонымен қатар келіп түсетін ақпаратты тексеруге жэне жалған хабарламалар мен фейк ақпараттардың таралуына жол бермейге ерекше назар ударылады.

Штаб жұмысының трансляция мен ақпараттық қосылымдар Independent.kz YouTube арнасында көрсетіледі. Штаб жұмысына қатысты анонс, жаңалықтар және жедел ақпарат Алматы қаласының Қоғамдық коммуникларация орталығының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

Брифинг барысында тәуелсіз байқаушылар коалициясының құрамы туралы да ақпарат берілді. Коалиция құрамына Алматы қаласында 2,5 мыңнан астам тәуелсіз байқаушыны біріктиретін 6 үкіметтик емес ұйым кірді.

Коалиция өкілдері еліміздің басқа өңірлерінде де жұмыс істейді. Референдум күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қазақстанның оннан астам өңірінен тікелей қосылымдар жоспарланған. Бұл еліміздегі жғдай бойынша жедел әрі тұтас ақпараттық көрініс қалыптастыруға мүмкіндик береді.

Брифингке қатысушылар референдум кезеңінде ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға, арандатушылықтарға ермеуге және ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алуға шақырды.

Сондай-ақ азаматтардың дауыс беруге қатысуы демократиялық үдерістердің маңызды бөлігі екені және әрбір қазақстандық өз азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндик алатыны атап өтілді.

Back to top button