Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды
Бүгін елордада блогер Жанабыловтарға қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. Істі судья Әділбек Баймаханов қарап жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz
АШЫҚ ФОРМАТТА ӨТІП ЖАТЫР
Сот отырысы басталысымен ерлі-зайыпты сот залында бет-жүзіе жариялауға тыйым салуды сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Сот процесін ашық форматта өткізу туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын және іс материалдарының сотқа жолданғанын хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, айыпталушылардың адвокаты Олег Чернов өз қорғауындағы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері жоқ екенін мәлімдеген.
МӘН-ЖАЙЫ
Тергеу нұсқасына сәйкес, Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова әлеуметтік желілерде жүлде ойнатуларын өткізіп, оқыту курстарын сатқан. Бұған дейін олар үйқамаққа алынған.