TOP-2Оқиға

«Бұл – басынғандық!» Депутат Астананың ортасында дәрет сындырған қытай туристері жайлы

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов Астананың ортасында дәрет сындырған қытай туристерін қатаң сынға алды. Ол бұл әрекететті – басынғандық деп бағалады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Бұл – басынғандық, келген мемлекетті сыйламау, адамдарды сыйламау! Барып тұрған бассыздық қой шынын айтқанда. Ақымақ болса, өзіне ақымақ болсын! Сен Қытайға барып дәрет сындырып көрші. Америкада сөйтіп көр. Не боласың сен? Жаныңды бірақ алып шығады. Ал олар бассыздық жасады”, – деді ол.

Депутат туристер “бүгін басыңа дәрет сындырса, ертең басыңа отырады” деп есептейді.

“Біздің жастарға осыны білу керек. Өз еліңді сыйлап, құрметтеу керек. Өзіміз елді құрметтесек, олар да сыйлай біледі”, – дейді Ұлықбек Тұмашинов.

Айта кетейік, Астанада қоғамдық орында дәрет сындырған Қытайдың екі азаматына Қазақстанға бес жылға кіруге тыйым салынды. Олардың әрекеті әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін анықталған.

Әлеуметтік желіде Астанадағы Достық көшесінде орналасқан “Нұрсая-2” тұрғын үй кешенінің ауласында күндіз ер адамның кіші дәретін сындырғаны түсірілген видео тарады. Кадрдағы адамның сырт келбеті қытай азаматына ұқсайтыны айтылып, желі қолданушылары оның өзге елде қоғамдық тәртіпті құрметтемегеніне наразылық білдірді. Осыдан кейін полиция тексеріс бастады.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар шынымен де Қытайдың 35 және 49 жастағы азаматтары болып шыққан. Алайда полиция олардың жеке басын анықтаған кезде, олар Қазақстан аумағынан шығып кеткен.

Back to top button