TOP-1Экономика

Ресейге жауап: Қазақстан көрші елдің көліктеріне еселеп утильалым салығын салады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Ресей Қазақстанның көліктеріне үлкен утильалым енгізіп тастаған соң Қазақстан тарапы да оған тура солай жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Нағаспаев Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірігіп, тиісті бұйрыққа қол қойғалы жатқанын айтты.

“Біз бұл жерде ресейлік нарық үшін ешқандай жаңашылдық енгізіп жатқан жоқпыз. Тек жауап беріп отырмыз. Біз өзара нарықтарымызда бір-бірімізге тең жағдай жасауымыз керек қой!? Ресейде алды да Қазақстан көліктері үшін утильалымды еселеп көтеріп жіберді. Жыл сайын прогрессивті шкала тіпті 2030 жылға дейін өсе береді. Сол себепті біз де Ресейдің ұстанымын өздеріне қатысты айна-қатесіз ұстанып отырмыз”, – деді министр.

Нағаспаевтың сөзінше, бұл бұйрыққа отандық автокөлік өндірісін қолдау үшін қол қойылғалы отыр. “Сол себепті елде автокөлік күрт қымбаттап кетпейді. Мен оған қалыпты жағдай деп қараймын” дейді Нағаспаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button