Спорт

Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы атағын сақтап қалды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ақпан айына арналған жаңартылған рейтиңісін жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

КӨШ БАСТАП ТҰР

Рейтиңіге сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12КО) орта салмақта WBO нұсқасының әлем чемпионы статусын сақтап, көш бастап түр.

Тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (25-2, 17КО) супер орта салмақта бір сатыға жоғарлап, 14-орыннан көрінді.

Осыған дейін хабарлағандай, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлына тыйым салынған мельдоний заты бойынша оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына байланысты осы жылдың 2 желтоқсанына дейін бір жыл мерзімге жарыстардан шеттету жазасын қолданды.

Ұйым шешіміне сәйкес, қазақстандық боксшы чемпиондық атағы сақталды. Ал шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс.

МӘН-ЖАЙЫ

Сондай-ақ Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков спортшының ағзасына допингтің қалай түскені туралы айтып берді.

Айта кетерлігі, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарыстан шектеді.

Back to top button