TOP-2Жаңалықтар

Иран Әзербайжан әуежайына шабуылды “Иран жасады” деген ақпаратты жоққа шығарды

Иран қарулы күштері бас штабы Әзербайжандағы Нахчыван халықаралық әуежайына дронмен шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Iran International басылымы ақпарат таратты.

Ведомство барлық мемлекеттердің егемендігін, «әсіресе мұсылман және көршілес елдердің егемендігін» құрметтейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ олар мұндай әрекеттер Израиль Иранды айыптау мақсатында жасалып отыр деп мәлімдеді.

Иран дрондарының Нахчыванға жасалған шабуылынан кейін Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Бакудегі Иран елшісін шақыртып, Әзербайжанның «жауап қайтару құқығы бар екенін» ескерткен.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Әзербайжандағы Нахчыван халықаралық әуежайына дронмен шабуыл жасалды деген хабарларға қатысты пікір білдіріп, Иран көршілес мемлекеттерді нысанаға алмайтынын, ал бұл оқиға жан-жақты тексерілуі тиіс екенін айтқан.

Back to top button