Қазақстандық миллиардер «Тобыл» футбол клубының бас құрылтайшысы болды
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының жаңа құрылтайшысы пайда болды. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми ақпаратта Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ERG Директорлар Кеңесінің төрағасы – Бас атқарушы директоры Ш. Ибрагимов қостанайлық «Тобыл» футбол клубының жаңа бас құрылтайшысы атанады.
Мұндай ірі әрі сенімді серіктестің қолдауымен «Тобыл» командасы жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, қостанайлық клуб биыл Қазақстан суперкубогын иеленді. Қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтыратын команда алматылық «Қайратты» пенальтилер сериясында жеңіп, жаңа маусымдағы алғашқы жүлделеріне қол жеткізді.