TOP-2Жаңалықтар

Қазақстан бір түнде 851 азаматын Таяу Шығыс елдерінен әкеліп үлгерді

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

“5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды. Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр. SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады. Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңынадейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған. Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасаудыжоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтылануда)”, – делінген хабарламада.

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралған. Бүгінге жоспарланған рейстерді ескере отырып, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.

Back to top button