Геосаясат

Иран Әзербайжанға дронмен шабуыл жасады: екі адам зардап шекті

Екі бейбіт тұрғын Иран дрондарының Нахчыван Автономиялық Республикасына жасаған соққылары салдарынан жарақат алды, деп хабарлайды Tizgin.kz report.az-ға сілтеме жасап.

БАҚ-ТАҒЫ АҚПАРАТ

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған. Дрондардың бірі Бабек ауданына қарасты Шекерабад ауылындағы орта мектеп маңына құлап, жарылған.

Ақпаратқа сәйкес, 5 наурыз күні Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван аумағындағы нысандарға шабуыл жасаған. Дрондардың бірі Нахчыван халықаралық әуежайының терминал ғимаратына құласа, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының маңына түсті.

«Шабуыл салдарынан әуежай ғимаратына зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алды. Баку бұл оқиғаны қатаң айыптайды. Мұндай әрекеттер халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына қайшы келеді және өңірдегі шиеленістің күшеюіне ықпал етеді», – деп атап өтті СІМ.

ИРАН ЕЛШІСІ СІМ-ГЕ ШАҚЫРЫЛДЫ

Ведомство сондай-ақ Баку Тегераннан бұл оқиғаға қатысты қысқа мерзім ішінде түсініктеме беруді, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды талап ететінін мәлімдеді.

«Әзербайжан қажетті жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдырады. Қазірдің өзінде Иранның Әзербайжандағы елшісі Моджтаба Демирчилу Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, дипломатиялық миссия басшысына тиісті нота табысталады», – деп толықтырды ведомство.

Back to top button