Тергеу

Атыраудағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады

Сенат дәлізінде Санжар Әділов күдіктілерді экстрадициялау осы айда жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ ӨКІЛІ НЕ ДЕЙДІ

ІІМ орынбасары Әділовтің айтуынша, жуырда екі күдікті Индонезиядан Қазақстанға жеткізіледі.

«Бұған дейін де ақпарат бергенбіз. Жақын арада екі күдікті Индонезиядан Қазақстанға жеткізіледі. Қазір бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы айда елге әкелеміз, кейін қосымша ақпарат беріледі», – деді ол.

Әділов күдіктінің іздеуде жүрген екі бауырына қатысты тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Атырау облысында арнайы тергеу тобы құрылған.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда. Ерлі-зайыптылардың мәйіттері 8 қаңтарда табылды. Ал із-түзсіз кеткен екі бауырдан әлі хабар жоқ. Кісі өлтіруге марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп жарияланып, оған іздеу салынған еді.

Back to top button