TOP-2Жаңалықтар

Таяу Шығыс елдерінен келген ұшақтар Қазақстан әуежайларына қонды

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

  • KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
  • KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
  • KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
  • KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Back to top button