Спорт

Асу Алмабаевтың UFC рейтиңіндегі орны белгілі болды

Мексиканың Мехико қаласында өткен UFC Fight Night 269 турнирінен кейін жеңіл салмақтағы UFC рейтиңі жаңартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев рейтиңіде 9-орынға төмендеді.

Айта кету керек, оның аталмыш турнирде Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жегі отандасымыздың жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты өткен жоқ.

Өкінішке қарай, бұл жағдай оның рейтиңідегі позициясына кері әсер етті.

Бұған дейін Асу Алмабаевтың экс-чемпион Мореномен Мексикада күш сынасатыны хабарлаған болатын.

 

Back to top button