Жаңалықтар

Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды

Щучинск қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Аудандық ауруханада қайтыс болған науқас денесінің 85%-ы күйген, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

АППАРАТПЕН ТЫНЫСТАҒАН

Қазір аудандық ауруханада екі адам ауыр жағдайда жатыр. Тағы төрт науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдауда. Олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бүгін, 3 наурызда Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында жарылыстан зардап шеккен бір науқас қайтыс болған еді. Көп ұзамай тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды.

ТЕРГЕУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Нәтижесінде дәмханадағы жарылыстан ажал құшқандардың саны 9-ға жетті.

«Палау орталығы» дәмханасының басшысы кеше, 2 наурызда ұсталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жарылыс 27 ақпанда түнде болды. Бірден 7 адам тіл тарпай кетті, 20 адам дереу ауруханаға жеткізілген еді.

Back to top button