TOP-2Оқиға

Алматыда ерекше баланы қинаған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы орталықтардың бірінде ерекше баланы қинаған қызметкердің видеосы желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Журналист Гүлбану Әниятқызының айтуынша, ерекше баланы екі бүктеп күш көрсеткен “маман” Алматыдағы “Феникс” орталығында жұмыс істейді.

“Баланың сөйлей де, ойлай алмайтынын да пайдаланған ол бүкіл агрессиясын балаға шығарған. “Маманды” басшысымен бірге жауапқа тарту керек”, – дейді Гүлбану Әниятқызы.

Бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева аталған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлім етті. “Мен баланың шешесімен байланыста отырмын, тиісті психологиялық қолдау беруге әзірміз” дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Гүлбану Әниятқызы (@gulbanuanyat)

Back to top button