Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай наурызда туған ұлына Кенесары деп ат қойған ата-аналарға жөргекпұл ретінде 400 мың теңгеден берілетінін жария етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Наурыз – жаңару мен жаңғырудың айы. Ұлт рухы түлейтін, бабалар аманаты еске түсетін қасиетті кезең. Осы айда ұлдарының есімін Кенесары деп қойған. 10 балаға “Аламан” орталығы атынан 400 000 теңгеден жөргекпұл береміз деп уәде еткен едік. Азаттықтың айбыны, еркіндіктің еңсесі, қазақ рухының соңғы ханының есімі – қайсарлықтың, намыстың, елдік пен ерліктің символы екенін ұмытпайық. Бүгінгі ұрпаққа баба есімін беру жай ғана ат қою емес. Бұл тарихты тірілту, рухты жаңғырту, ұлтқа деген сүйіспеншілікті жүрекке ұялату”, – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram