Тергеу

Қазақстан соты Навальныйға жақтас белсендіге саяси баспана бермеді

Ресейлік белсенді Юлия Емельянова бұған дейін Қазақстан билігінен саяси пана беруді өтінген еді. Сот оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты., деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

ЕКІ АДАМНЫҢ ТАЛАБЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАДЫ

Аталған мәліметпен адвокат Мұрат Адам бөлісті.

«Мансур Мовлаевтың талабын қанағаттандырудан бас тартқаннан кейін, сот сондай-ақ Ресей Федерациясының азаматы Юлия Емельянованың Қазақстан Республикасының аумағында оған пана беруден бас тарту туралы шешімді даулау жөніндегі талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты», – делінген дүйсенбідегі хабарламада.

АДВОКАТ НЕ АЙТТЫ

Адвокаттың айтуынша, сот БҰҰ-ның Ресейдегі адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Марианна Кацарованың шұғыл үндеуін әкімшілік іс материалдарына қоса тіркеу туралы өтінішті ешқандай негіздеме келтірместен кері қайтарған.

«Өз тәжірибемде алғаш рет талап қоюшы тараптың өкілдері қатыспаған жағдайда істің қаралғанына, сондай-ақ, еліміз ратификациялаған БҰҰ-ның халықаралық конвенциялары нормаларының осындай ашық түрде ескерусіз қалдырылғанына тап болып отырмын. Осындай істерді қарау барысында халықаралық құқық қағидаттары ескерілмей қалғандай әсер қалыптасады», – деп түйіндеді Адам.

Back to top button