Израиль әскері Иранның 500-ге тарта нысанасына соққы жасалғанын жариялады
Израиль әскері жүздеген оқ-дәріні 500 нысанаға тастағанын хабарлады, деп хабарлайды CNN.
Израиль Иранға бір мезгілде жасалған ауқымды соққылар легі аясында шамамен 500 нысанаға жүздеген оқ-дәрі тастаған. Бұл туралы сенбі күні жарияланған израильдік әскери ведомствоның мәлімдемесінде айтылды.
Израиль қорғаныс армиясы нысаналар қатарында Иранның орталық және батыс бөліктеріндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен баллистикалық зымырандарды ұшыру қондырғылары болғаны хабарлады.
Израиль қорғаныс армиясының мәліметінше, үйлестірілген соққыға шамамен 200 жойғыш ұшақ қатысқан. Әскерилер бұл операцияны елдің әскери-әуе күштері тарихындағы «ең ірі әскери операция» деп атады.
Израиль қорғаныс армиясының дерегінше, қорғаныс жүйелеріне жасалған соққылар Иран үстіндегі әуедегі басымдықты «кеңейтуге» мүмкіндік берген және Тегеранның Израильге баллистикалық зымырандар ұшыру қабілетін төмендеткен.