«Жермен-жексен етеміз»: Трамп Иранға жасалған соққыдан соң мәлімдеме жасады
Иран Израиль соққы жасаған соң АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда ауқымды әскери қимылдардың басталғанын мәлімдеді.
«Жақында ғана америкалық әскерилер Иранда ауқымды әскери қимылдарды бастады. Біздің мақсатымыз – ирандық режим тарапынан төнетін тікелей қауіп-қатерлерді жою арқылы Америка халықты қорғау. Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайды. Иран өзінің ядролық бағдарламасын қалпына келтіруге тырысты. Иран АҚШ пен басқа да елдерге қауіп төндіретін алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды әзірлеуде. Біз олардың зымырандарын жойып, зымыран өнеркәсібін жермен-жексен етеміз. Флотын жоямыз. Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейміз», – деді Трамп сенбі күні жасаған бейнеүндеуінде.
Израиль бүгін Тегеранға қарсы алдын ала соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Times of Israel басылымы. Иранның IRNA ақпарат агенттігінің дерегінше, Тегеранның орталығында жарылыстар естіліп, қала үстіне екі түтін бағаны көтерілген.
«Израиль мемлекеті Иранға превентивті соққы жасады. Соның салдарынан жақын арада Израиль мемлекетіне қарсы зымырандық және ұшқышсыз аппараттармен жасалатын соққы күтіледі», — деп келтіреді телеарна министрдің сөзін.
Кац елде төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлімдеді. Ал Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сиреналар қосылғанын және тұрғындарға паналау орындарының маңында болу қажеттігі жөнінде хабарламалар жіберілгенін хабарлады.