Жаңалықтар

Ресей Қазақстандағы БАҚ-ты «шетел агенті» тізіміне енгізді

Ресейдің әділет министрлігі Қазақстандағы «Respublika.kz.media» басылымын 27 ақпанда “шетел агенттері” тізіміне енгізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл – аталған тізімге қазақстандық бұқаралық ақпарат құралының алғаш рет енгізілуі.

Шешім 2026 жылғы 27 ақпанда қабылданды.

Жаңартылған тізімде басылым 1159-нөмірмен көрсетілген. Негіздемеде ведомство «Республика» шетелдік агенттердің және Ресейде жағымсыз деп танылған ұйымдардың материалдарын таратқанын, сондай-ақ Ресей билігінің шешімдері туралы «шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат» жариялағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, әділет министрлігінде жоба шетелдік ұйымның қолдауымен құрылғаны және оның басқарылуы Ресей аумағынан тыс жерде жүзеге асырылатыны айтылған.

2025 жылы қарашада Respublika.kz.media сайты Қазақстан аумағында бұғатталған болатын.

Back to top button