Қытай смартфондары наурызда қымбаттауы мүмкін
Осы уақытқа дейін шығарған смартфондарын арзан бағамен саудалап келген қытайлық компаниялар бағаны көтеруге шақ, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ ҚАЛАЙ БАҒАМДАЙДЫ
Әңгіме қазақстандық тұтынушылар арасында танымал Oppo, OnePlus, Vivo, Xiaomi және Honor брендтері жайында. Сарапшылармен пікір алмасқан қытайлық БАҚ соңғы бес жылдағы ең ірі баға өсімі болуы мүмкін екенін болжап отыр. Бұған жад чиптерінің қымбаттауы себеп.
Атап айтқанда, смартфондарға арналған жад микросхемаларын сатып алу бағасы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80 пайыздан астамға өскені айтылады.
БАҒА ӨСІП КЕЛЕДІ
Смартфондардың орташа сату бағасы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айта кету керек. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 400 АҚШ долларына жеткен. Соңғы екі жылда DRAM және NAND жад модульдерінің қымбаттауына байланысты шығындарды тұтынушыға жүктеу салдарынан осылай болған. Нарықта мұның нақты мысалы да бар: Samsung Galaxy S26 және Samsung Galaxy S26+ модельдері алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда шамамен 100 долларға қымбат бағада таныстырылды. Алайда техникалық жаңашылдықтары айтарлықтай көп емес.