$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-1Экономика

Украина дрондары шабуылынан Қазақстан 3,5 млн тонна мұнайды кем өндірді

2025 жылы Каспий құбыры концорциумы нысандарына жасалған Украина дрондарының шабуылы салдарынан Қазақстан 3,5 млн теңге мұнайды кем өндірген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Біз оны қазір есептеп жатырмыз. 3,5 млн тонна шамасында. Бірақ одан да көбірек болуы мүмкін”, – деді Ерлан Ақкенженов Ақорда кулуарында Tizgin.kz порталына берген жауабында.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан Украинаға наразылық білдірген еді. Алайда Украина өз мүддесіне қарай жауабын жолдады.

Ал энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кіріскен.

Астана қаласының полиция департамениі Украина әскері Каспий құбыр желісі консорциумына залал келтірген кезде кейбір азаматтардың жағымсыз пікір айту фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button