Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің видеосын ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Қазақстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын. Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған”, – делінген хабарламада.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік пиғыл негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, қылмысқа барған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді сарайға көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.
Қазір оларды Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.