TOP-2
«Самұрық-Қазына» әкімшіліктегі 650 қызметкерін қысқартады
Бұл туралы Ақордада журналистерге «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның сөзінше, әкімшілік басқару персоналдарының қысқартылуына байланысты барлық корпоративті шешім қабылданып қойды.
Біз еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істейміз және наурыз соңына дейін шешім толық шығады деп сенеміз. Жалпы, Астана қаласындағы «Самұрық Қазына» тобы жұмысшыларының жалпы саны 6500 адам. Сондықтан біз 650-ге тарта адамды қысқартатын боламыз, – деді қор басшысы.