TOP-2Қоғам

Енді екінің бірі психолог бола алмайды – Парламент тиісті заң қабылдайды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологтардың жұмысын реттейтін арнайы заң қабылданатынын айтты. Ол журналистерге құжат жобасында нендей мәселелер қамтылғанын қысқаша сипаттап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аймағамбетовтың сөзінше, қазір Парламентте психологтардың жұмысын реттейтін заң жобасы дайындалып, қаралып жатыр. Түпкі шешім қабылданған кезде қалай болатынын депутат әзірге айта алмайтынын жеткізді. Бірақ жобасын қысқаша сипаттады.

“Мысалы, психологтардың біліміне деген талап бар, олардың тиісті курстар арқылы біліктілігін көтергені турасында талап енгізіледі. Алдына келген азаматтың жеке мәліметтерін басқа жерге жарияламау деген сияқты талап да қосылады. Сол сияқты психологтардың арнайы тізімі де жасалуы мүмкін. Заң жобасында осыған ұқсас талаптар мен қосымша нормалар баршылық”, – дейді ол.

Депутаттың сөзінше, бұл заң жобасына қызығып отырғандар өте көп. Қүжатты депутаттардың өздері бас-аяғына дейін жазбаған. Арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен сарапшылары қосылған.

“Олар құжат жобасының – тең авторлары. Қазір де жүзден астам адам жұмыс тобында отыр”, – дейді Аймағамбетов.

Мәжілісмен жұмыс тобының адамдары әр норманы жіті қарап, зерттеп жатқанын айтады. Нәтижесі Парламентте бірінші оқылым кезінде жарияланады. Бірінші оқылымға қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button