
АҚШ Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдардан кейін Украинаға Қазақстандағы өз мүдделері барын хабарлап, ескерту жасады, деп жазады CNN хабарлады.
«Новороссийскіге жасалған украин шабуылдары Қазақстандағы кейбір америкалық инвестицияларға әсер еткенін естідік. Сонымен қатар АҚШ мемлекеттік департаментінен америкалық мүдделерге соққы жасаудан, өздеріңіз білесіздер, тартынуымыз керектігі туралы хабар алдық», – деді Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишина.
Ол осы мәселеге байланысты АҚШ мемлекеттік департаментінен демарш – ресми дипломатиялық нота алғанын нақтылады.
Украина елшісі АҚШ Киевке Ресейдің әскери және энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасаудан бас тартуды ұсынбағанын атап өтті.
«Әңгіме дәл сол жерде америкалық экономикалық мүдделердің зардап шеккені туралы болды. Біз мұны назарға алдық», – деді Стефанишина.
CNN 2025 жылдың қараша айының соңында украиналық ұшқышсыз аппараттар Қара теңіздегі Новороссийск портына соққы жасап, ресейлік нысандармен қатар негізгі құбырға да зақым келтіргенін, соның салдарынан қазақстандық мұнай экспорты айтарлықтай қысқарғанын еске салды.
«Chevron компаниясы – Қазақстанның кен орындарынан өндірілген мұнайды экспорттауда Қара теңізге жеткізетін Каспий құбыр консорциумының ірі акционерлерінің бірі», – деп нақтылайды америкалық телеарна.
Елшінің айтуынша, мемлекеттік департаменттің жолдауында қазір АҚШ-тың Украинада Қазақстандағыдай экономикалық мүдделері жоқ екені атап көрсетілген.
«Украина тәуелсіздігінің 35 жылы ішінде осыншама мүмкіндіктер бола тұра, біз дәл осындай жағдайға жете алмағанымызға шынымен, шынымен өкіндім», – деді Стефанишина.