«Хартс» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қанаттағы шабуылшысы Ислам Чесноков шотландиялық команда сапындағы алғашқы голын соқты, деп жазады Tizgin.kz.
Ислам Чесноков Шотландия премьер-лигасының 28-туры аясында «Фалкиркке» қарсы өткен кездесуде 45-минутта гол соғып, мергендігімен ерекшеленді.
Айта кетейік, бұл — оның Эдинбург қаласының клубы сапындағы төртінші ғана ойыны. Қанаттағы шабуылшы 17 қаңтарда жергілікті кубок бәсекесінде дебют жасап, одан кейін чемпионат аясында «Хиберниан» және «Рейнджерске» қарсы екі матчқа қатысты.
Шотландия чемпионатында көш бастап тұрған «Хартс» кезекті жеңісінен кейін ең жақын қуғыншысы — «Рейнджерстен» 5 ұпайға алға шықты.
Айта кетейік, Шотландияда да, Қазақстандағыдай, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне тек бір команда — ел чемпионы ғана қатысады. Өткен маусымда дәл осы ұжыммен алматылық «Қайрат» төртінші іріктеу раундында кездесіп, сенсация жасап, «Селтикті» жарыс жолынан шығарған болатын.