Жаңалықтар
Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 қаза тапты
Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай автожолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Абай облыстық полиция департаменті мәліметінше, 19 ақпан күні сағат 15:25-те “102” арнасына республикалық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен.
“Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды”, – делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.